Қоғам • 26 Қаңтар, 2024

Журналистер одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы сайланды

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы Қазақстан Журналистер одағы Шығыс Қазақстан облыстық  филиалының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы сайланды

Фото: Ашық дереккөз

Мерей Қайнарұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, суретші,  журналист, жазушы. Бірнеше әдеби бәйгелердің жүлдегері, Семей педагогикалық институты мен Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетінің түлегі.  

Ол аудандық  «Огни Прииртышия» және «Ақ бұлақ», облыстық «Менің өлкем»  газеттерінде қызмет атқарды. Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде  жауапты хатшының орынбасары болды.